Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын бастады. Балалар жылында «Мектепке жол – шекарасыз ізгілік» ұранымен өтуде.
«Мектепке жол» акциясы аясында «Ақмола облысы білім басқармасы Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының негізгі орта мектебі” КММ-нің мұғалімдер ұжымы бірнеше іс-шаралар жоспарлануда. Атап айтқанда, атаулы әлеуметтік көмекті алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, міндетті білім беру бағдарламасы аясында атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға материалдық көмек көрсетіледі, төтенше жағдайларға байланысты шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балалары және басқа санаттар. Сондай-ақ, бұл шаралар қиын жағдайдағы отбасыларды, соның ішінде мүгедек балалары бар (мектеп киімін, мектепке қажетті аяқ киім мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін) аз қамтылған отбасыларды қамтиды.