«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы 1-тоқсандағы мемлекеттік қызмет туралы есеп

«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы есебі

1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының жалпы білім беретін мектебі»  КММ. Заңды мекенжайы Ақмола облысы, Ақкөл ауданы,Қарасай ауылы,  Мағжан Жұмабаев көшесі 6/1.

 

Мектепте мемлекеттік қызметтің 5 түрі көрсетіледі

2022 жылы 7 қызмет көрсетілді;

электрондық нұсқада көрсетілген қызметтер саны – 0;

қағаз түрінде көрсетілгенқызметтер саны – 7.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»

«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау».

"Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну"

        «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру».

        «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын республикалық ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін оларды аттестаттаудан өткізуге құжаттарды қабылдау»

 

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

         Қызмет алушылар үшін барлық қажетті ақпарат мектептің http://school-gorkogo.edu.kz/content/gosudarstvennye-uslugi  ресми интернет-ресурсында қолжетімді. «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттары мен ережелері келтірілген. Мектепте өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы бар.

         Қазіргі уақытта ішкі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. Мектеп нормативтік құқықтық актілерді әзірлемеген.      

         2022 жылы мектеп БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2 бейнеролик пен 2 мақала жариялады. Ай сайын бұқаралық ақпарат құралдары, қызмет көрсетушілердің интернет-ресурстары арқылы халықты мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру жұмыстары жүргізіледі.

        

 

 

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

 

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету  және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында облыстағы барлық мектепке дейінгі орта, арнайы білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 2 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет жүзеге асырылуда.

         Білім беру саласында қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 2 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетуде.

         4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау

        

2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2022 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда/

  5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің одан әрі тиімділігін және оның сапасына қыметті алушылардың қанағаттануын арттыру

  2023 жылы мектеп жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша  жұмысты  жалғастыратын болады.

 

Басшы                                                                                             М.Ибраева

 

 

 

 

 

Орынд. А.Сакенова

Тел.2-49-01

Жаңартылған күні: 14.04.2023 16:13
Құрылған күні: 14.04.2023 16:13

Текст