«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақстан Республикасының Президенті

НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ

1940 жылғы 6 шілдеде Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген. 1967 жылы Қарағанды металлургия комбинаты жанындағы жоғары техникалық оқу орнын бiтiрдi.

Экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Халықаралық инженерлік академияның, Ресей Федерациясы әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрметті профессоры. Беларусь ғылым академиясының құрметті мүшесі. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

1960-1969 жылдары Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 жылдары – Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 жылдары – Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-хатшысы.

1979-1984 жылдары – Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 жылдары – Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

1989-1991 жылдары – Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы, 1990 жылғы ақпан-сәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы.

1990 жылдың сәуірінен – Қазақстан Республикасының Президенті.

1991 жылдың 1 желтоқсанында тұңғыш рет Қазақстан Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 процент) жеңіске жетті.

1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды.

1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды.

2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.

2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 298-ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы күшіне енді.

2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95,5 процент дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта  сайланды.

2015 жылғы 26 сәуірде өткен сайлауда жеңіске жетіп, сайлаушылар дауысының  97,75 пайызына ие болды. 

Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы.

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы.

"Нұр Отан" партиясының төрағасы.

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Зайыбы – Сара Алпысқызы Назарбаева, 1992 жылдың ақпан айынан бері - Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының  негізін салушы және президенті. 1994 жылдың шілде айынан С.Назарбаева - "SOS  - Қазақстанның балалар қалашықтары" қорының президенті.

Президенттің үш қызы бар.

Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева (1963 ж.т.), үлкен қызы. Екі ұл, бір қызы бар. Саяси ғылымдар докторы. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары. 

Құлыбаева Динара Нұрсұлтанқызы (1967 ж.т.), ортаншы қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. 2004 жылдан бері - Қазақстан-Британ техникалық университеті директорлар кеңесінің төрайымы.

Назарбаева Әлия Нұрсұлтанқызы (1980 ж.т.), кіші қызы. Бір ұл, екі қыз тәрбиелеп отыр. «Элитстрой» құрылыс компаниясының басшысы.

Жаңартылған күні: 31.08.2016 17:32
Құрылған күні: 31.08.2016 17:27

Текст