«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

“Мектепке жол” республикалық қайырымдылық акция

31.07.2025

ЕЛІМІЗДЕ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ БАСТАЛДЫ

 

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі жаңа оқу жылы қарсаңында әр жыл сайын дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясын өткізіп келеді.

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Акцияның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Акцияның басталуы -  2025 жылдың 1 тамызы, аяқталуы - 2025 жылдың 30 қыркүйегінде деп жоспарлануда.

2025 жылы «Мектепке жол» акциясы қарсаңында   жалпы оқу қорынан  525  оқушы материалдық көмек алады.

2025-2026  оқу жылы 1-сынып табалдырығын аттайтын 250 бала болса, оның ішінде көмекке мұқтаж 28 бала бар.

 Ауданымыздың әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік танытып, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Просмотров: 358


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст