«Ақмола облысы білім басқармасының Ақкөл ауданы бойынша білім бөлімінің Қарасай ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме


СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

161 тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық сипаттағы шаралар күшейтіледі

19.06.2020 161 тестілеу пунктінде медициналық-санитарлық сипаттағы шаралар күшейтіледі. ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов атап өткендей, биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу белгіленген 161 орында өтеді. Еліміздің өңірлерінде пандемия жағдайында карантиндік шектеулерді сақтай отырып, тестіленушілердің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін медициналық-санитариялық сипаттағы күшейтілген шаралар қабылданды: тестілеу пункттеріне кіру кемінде 2 метр қашықтықты қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады; әрбір тестіленуші бақылаудың 5 кезеңінен өтеді. Анықтама: Дезинфекция кезеңдері: сыртқы киімді дезинфекциялау ерітіндісімен зарарсыздандыратын арнайы тоннель арқылы өту; аяқ киімді арнайы кілеммен дезинфекциялау рәсімі қолды арнайы сұйықтықпен өңдеу процедурасы; термобақылау рәсімі. Жоғары температура анықталған жағдайда тестіленушіге кезекші бригада мен медицина қызметкерлері жедел көмек береді; респираторлық немесе әдеттегі медициналық маскаларды беру.
Просмотров: 516


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст